Ақтөбеде өтемақыға өтініштер 1 қазаннан бастап қабылданады

Отбасы банкінің салымшылары 10 пайыздық өтемақыға 1 қазаннан бастап өтініш бере алады. Бұл туралы “Отбасы банк” АҚ  Ақтөбе облысы бойынша бинесті дамыту бөлімінің маманы Сәкен Сүлейманов хабарлады. 
Назгүл ӘБЕТОВА 

Өтінішті 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Баспана меркеттің жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады. wwwotbasybank.kz. Ол үшін банк филиалдарына келудің қажеті жоқ. 
Отбасы банк салымшылары 2022 жылғы 23 ақпанға дейін ашылған қолданыстағы депозиттер бойынша 10 пайыз мөлшерінде өтемақы алады. Егер депозит жабылған болса өтемақы төленбейді..  10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең.Ал, кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз салымшыларға өтініш банктің кеңесшілері арқылы берілуі мүмкін. 
-    Егер банк салымшысында аралық және алдын ала қарыздар бойынша депозиттер кепілде тұрса, онда ол да өтемақы алуға құқылы. Үшінші тұлғалардың тұрғын үй заемы бойынша кепілде тұрған депозиттерге де сыйлықақы беріледі,-дейді бизнесті дамыту бөлімінің маманы Сәкен Сүлейманов. 
Ескеретін жайт, 2022 жылдың 23 ақпанына кейін депозитті толтырғандар 10 пайыздық өтемақы ала алмайды. Өтініштер 1 қаңтарға дейін қабылданады. 

Әлеумет
10:30, 27 сентябрь 2022
808
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив