Ақтөбеде оңтүстік айналма автокөлік жолының екі жолағы ашылды

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма автокөлік жолының екі жолағы ашылды. Бұл 3 жылдан астам уақыт бойы жол азабын көріп келе жатқан Ясный елдімекені, 41 разьезд тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық болды.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма автокөлік жолының 2,9 шақырымы мерзімінен бұрын ашылды. Бұл Ясный елдімекені, 41 разьезд тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш болатын. Себебі, бұл ауыл тұрғындары 3 жылдан астам уақыт бойы жол азабын тартып келеді. 9 қазан күні жолдың екі жолағы ашылды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 4 жолақты жолдың қалған бөлігін жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Мердігер ұйым салқын түскенше жолдың негізін салып аяқтауға уәде берді.


Қоғам
13:30, 10 октябрь 2022
1 732
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив