Ақтөбеде “күйеу жігіт” зейнеткерді 36 млн теңгеге алдап кеткен

Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдаған. Оның сөзіне сенген зейнеткер пәтерін сатып жіберген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Ақтөбеде 22 қыркүйек күні 65 жастағы әйел полиция бөлімшесіне арыз түсірген. Айтуынша, ол әлеуметтік желіде танысқан алаяққа сеніп қалған. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырған. Зейнеткерге сыйлық пен ақша жіберемін деп толық аты-жөні мен мекен-жайын сұрап алған. Сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуын өтінеді. Ол ақтөбелік тұрғынға зейнетке шыққанна кейін Қазақстанға көшіп келетінін айтып сендірген. Сөзіне иланға әйел пәтерін сатып, 36 млн теңгеден астам қаражатты көрсетілген шотқа аударып жіберген. Осы дерек бойынша тергеу басталған. Полицияның мәліметінше, күдікті он бес жылдан жиырма жылға дейін мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Әлеумет
10:30, 27 сентябрь 2022
731
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив