“Бассейннің суы 5 жыл ауыспаған” деген ақпарат жалған болып шықты

 “Достық” су спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Серікбол Нұралин “бассейннің суы 5 жылдан бері ауыстырылмаған”деген ақпартты жоққа шығарды.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

“Достық” су спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Серікбол Нұралин Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясын өткізді. Ата-аналар тарапынан балалардың үстіне аллергия шығып кетті деген шағым түскенін растады. Содан кейін судан лабораториялық сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Нәтижесінде судың санитариялық талаптарға сәйкес келетіні анықталған.

- “Бассейннің суы бес жылдан бері ауыспаған” деген ақпаратты дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы берген. Жұмыстың бағытын сонда жүрген біздер білеміз. Мүмкін, бас маман бұл системаны білмеген шығар,-деді өз сөзінде мекеме директоры.

Серікбол Нұралиннің айтуынша, су күнделікті жаңартылып тұрады. Бассейннің астында үш сүзгі орнатылған. Олар да аптасына екі рет тазаланып отырады.

“Достық” бассейні бір мезетте 250 адамды қабылдауға қауқарлы. Бүгінгі таңда спорт кешенінде барлығы 800 бала жаттығады.


---
09:30, 18 ноябрь 2022
1 201
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив