Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды
Ақтөбеде көлікті мас күйінде басқарған әйел ұсталды. Тексеру кезінде оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбеде Әйтеке би мен Герцен көшесінің қиылысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған автокөлікті тоқтатады. “Daewoo Matiz” маркалы автокөлігін 41 жастағы әйел басқарған. Тексеру кезінде әйелдің бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болған. Сараптама қорытындысы оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғанын көрсеткен.
---
Комментарии (0)
Добавить