Ақтөбеде жол апатынан 1 адам қаза тапты

Ақтөбеде Шұбарқұдықтан шығып, Қандыағашқа бара жатқан автокөлік апатқа ұшырады. Жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе  облыстық ПД хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Оқиға 8 қыркүйек күні 07:30 шамасында болған. “ВАЗ-2114” автокөлігінің жүргізушісі Шұбарқұдық ауылы жағынан Қандыағаш бағытында келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Қарсы жолаққа шығып кетіп, “Nissan Teana”автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық ауруханасына жатқызылған. ПД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, кейін “Nissan Teana” автокөлігінің жолаушысы қайтыс болған.

 

Әлеумет
10:00, 09 сентябрь 2022
732
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив