Тамыз айында жол апатынан 20 адам қаза тапқан

Ақтөбеде тамыз айы басталғалы жол апатынан 20 адам қаза тапқан. Жол-көлік оғиғаларының басты себебі-жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан болып отыр. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында өткен брифингте ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Алиев мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Жазғы маусымның басталуы, саяхаттау, демалыс кезеңімен жол апаттары да жиі орын алып отыр. Тек тамыз айында 5 жол-көлік оқиғасы болып, 20 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған.Жол көлік оқиғаларының басты себебі- жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтамауынан болып отыр. 

-Ерекше алаңдатушылық туғызатыны шетелде тіркелген көлік жүргізушілерінің жолдағы тәртібі. Әдетте,мұндай көліктердің техникалық  жағдайы көңіл көншітпейді.Біздің базамызда тіркелмеген. Ал, көлік тізгіндегендердің көпшілігі-жастар. Олар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды,-дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Алиев. Жыл басынан бері облыс жолдарында 337 жол-көлік оқиғасы орын алып, 58 адам қаза тапқан. 448 адам түрлі дене жарақатын алған. Тек тамыз айында болған 5 жол-көлік оқиғасынан  20 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, ағымдағы жылы кәмелетке толмағандардың  қатысуымен болған жол апатынан 7 бала қайтыс болып, 74-і ауруханаға жатқызылған. Ақтөбелік полицейлер ұзақ сапарға шығар алдында міндетті түрде көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жүргізушінің жақсылап тынығып алу керектігін еске салады.

  

 

Әлеумет
09:30, 02 сентябрь 2022
710
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив