Айыппұлың дайын ба?
Жазғы дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстырмағандар 1 желтоқсаннан бастап 15 315 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Аружан СМАҒҰЛОВА
Қысқы дөңгелегін ауыстырмаған көлік жолда қауіпсіз. Сонымен қатар, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарын бұзады. 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынғандығы туралы Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде жазылған.
Қысқы дөңгелек көліктің барлық дөңгелегінде болуы керек. Оның арнайы таңбасы, сондай-ақ, "М+S", "M&S", "M S" белгісі болады.Техникалық регламентке сай, жүргізушілер қысқы дөңгелекпен 1 желтоқсаннан бастап 28 ақпанға дейін көлік тізгіндей алады.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить