Ақтөбеде бопсалаушы топ ұсталды
Ақтөбелік тұрғынның автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп иемденіп алған деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды.
Назгүл ӘБЕТОВА
Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімше жауынгерлері бопсалаумен айналысқан топты құрықтады. Полицияның дерегінше, қараша айының басында олар жергілікті тұрғынның “ВАЗ-21070” автокөлігін күштеп, зорлық көрсетіп иемденген.
Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шыққан. Күдіктілердің бірі ҚР ҚК-нің 128 -бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить