Ақтөбелік ойын приставкасын жалдап, ломбардқа тапсырған

 Екі жігіт жалға алған «Play Station 5» ойын приставкасын иесіне қайтармай, ломбардқа тапсырып жіберген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Полиция бөліміне жас жігіт белгісіз екі жігіттің ойын приставкасын бір тәулікке жалға алып, қайтармағаны жөнінде арызданған. Жедел іс-шаралар өткізу барысында 20 жастағы екі жігіт ұсталды. Олар ойын присавкасын ломбардқа тапсырып жіберген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Әлеумет
15:30, 13 январь 2023
1 589
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив