Ақтөбе облысында 1131,436 шақырым жол аспаптық диагностикадан өтті

 Ақтөбе облысында 1131,436 шақырым жол аспаптық диагностикадан өтті. 


Өткен жылы Ақтөбе облысындағы 1131,436 шақырым автокөлік жолдары аспаптық диагностикадан өткізілді. Оның 976,584 шақырымында күтіп-ұстау жұмыстарының жай-күйі қаралды. Ал, кепілдік мерзімі бітпеген 154,852 шақырым автомобиль жолы жылжымалы жол зертханасы автокөлігімен тексерілді.  Бұл туралы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Ақтөбе облыстық филиалының инженері Нұрхат Балгабаев айтты. Елімізде жол жабындысының беріктігін, тегістігін, геометриялық жағдайын тексеру, ілінісу коэффициенті мен көлік қарқындылығын және жолдағы сызаттарды анықтау үшін аспаптық диагностика жасалады. 

М-32 "РФ шекарасы (Самараға қарай)-Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылода қ. арқылы" 526-710; 763-1240 шақырымы аралықтары, А-22 "Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай" 0-234 шақырым аралығы, А-24 "Ақтөбе-Мәртөк РФ шекарасы (Орынборға қарай)" 7,3-99,692 шақырым аралығы, А-25 "Ақтөбе-РФ шекарасы (Орскіге қарай) 16-136,8 шақырым аралығы, А-27 "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға қарай)" 225-242 шақырым аралығындағы жолдың жай-күйін тексерістен өтті. Диагностика жұмыстары бойынша ақпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автокөлік жолдары комитетіне жіберіледі», дейді Н.Балгабаев.

Әлеумет
08:30, 20 январь 2023
1 786
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив