Ақтөбеде жалған “полиция қызметкері” ұсталды
Ақтөбеде 17 жастағы жігіттен ақша бопсалаған жалған “полиця қызметкері” ұсталды.
Назгүл ӘБЕТОВА
Ақтөбеде 17 жастағы жігіт кастет тауып алған. Сатқысы келіп, әлеуметтік желіге жарнама берген. Оған сатып алушы хабарласып, кездесуді өтінген. Өзін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, “суық қаруды” сатқаны үшін ақша бопсалаған. Жас жігіт қорқып кетіп, ұялы телефонын ломбардқа салады. Айтқанына сеніп, алаяққа 133 мың теңге ақша береді. Тәртіп сақшылары 22 жастағы күдіктіні құрықтады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить