Ақтөбеде «Үміт балалар үйіне» қатысты іс тоқтатылды

 

Биылғы жылдың басында басталған «Үміт» балалар үйіне қатысты іс  сот қаулысымен өндіріс әкімшілік құқық бұзушылық құрамынан болмауына байланысты тоқтатылды.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Айта кетейік, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Үміт балалар үйіне» қатысты іс қаралған болатын. Сотта мемлекеттік органмен «Үміт балалар үйі» қызметін тексеру кезінде ғимаратта аталған мекемемен функционалды байланысы жоқ  «№1 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» орналасқаны анықталғаны айтылған. Аталған орталықта психикалық ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі.  Сот балалар үйі мен орталықтың функционалдық  байланыс жоқ екенін ескеріп, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды нұсқамалардың орындалмау фактісі (ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі) бойынша «Үміт» балалар үйін кінәлі деп танып, оған 214 410 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданған.

         Алайда апелляциялық сот істің материалдарын толық зерттеп, «Үміт балалар үйі» орналасқан ғимараттың меншік иесі Ақтөбе облысының қаржы басқармасы екекнін анықтаған. Демек, балалар үйінің мүлікке билік етуге құқығы жоқ. Сот талаптарын объективті түрде орындай алмайды деген қорытындыға келді. Сот актісі заңды күшіне енді.

Әлеумет
16:00, 13 март 2023
971
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив