Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген 23 жастағы күдікті ұсталды

 Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ПД криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ауғалиев мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

Күдікті көпқабатты үйге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтірген. Ал, 13 жастағы қызды жарақаттаған. Күдікті 23 жаста, Ақтөбе қаласының тұрғыны. Бұрын сотталмаған. Ол жинақталған дәлелдемелермен жасаған қылмысын мойындаған.

-ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,-деді бөлім бастығы Мұрат Ауғалиев.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот күдіктіні 2 ай мерзімге, яғни, 31 мамырға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, оқиға 29 наурыз күні сағат 5:30-да болған еді. Полицияға Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйіттерін тапты. Қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.


Қоғам
12:30, 11 апрель 2023
837
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив