Хромтауда аң аулау кезінде полицей танысын атып алды
Хромтауда полицей аң аулау кезінде танысын атып алды
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Хромтауда полицей аң аулау кезінде байқаусызда жолдасын атып алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Оқиға 3қыркүйек күні Хромтауда болған .Аудандық полицияның кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабар келіп түседі.
Демалыс күні полиция қызметкері танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған. Салдарынан ол оқиға болған жерде көз жұмған. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір Ақтөбе облысының Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергелуде.