Ақтөбеде 25 жастағы жігітті өзінің досы ұрып өлтірді
Ақтөбелік жігіт досының қолынан қаза тапты. Жігіттің денесі қала сыртындағы өзен жағасынан табылған. Ұлының жоғалып кеткені туралы анасы хабарлаған.
13 маусымда полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы анасы арызданады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал кезінде күдікті оны монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, өзен жағасына апарып тастаған.
- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен «адам өлтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп мәлімдейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить