Ақтөбеде 100 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді
Жаңа оқу жылы басталады. Биылғы 2022-2023 жаңа оқу жылын Ақтөбе облысы бойынша 427 орта білім беру ұйымдары өз жұмысын бастағалы отыр. Өңірде 170 Қазірде оқушылардың алаңсыз тәлім алуы үшін 38 білім беру мекесінде күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Құрылыс тек қалада емес, аудан, ауылда да қарқынды.
Күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді. Қазір облыстағы 100-ден астам білім беру мекемесі күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Алайда, бұл мектептердің барлығына бір жылда күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мүмкін емес екенін айта келіп, арнайы үш жылдық жоспар әзірленген. Аталған күрделі жөндеудің қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқандығы жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан әңгімелеп берді:
-Осы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім ордаларының сметалық жобалары әзір. Бұл мекемелердің барлығы да ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуді қажет етіп отырған, яғни бірінің шатырнан су кететін, терезесінен жел соғатын, едендерінің тозығы жеткен, ішкі әрлеу жұмыстары ескірген. Осындай мектептер қалада да, ауылда да бар. Сонымен қатар барлық білім беру мекемелерінде бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталып келеді. Біз осы жасап жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқталып болуы қажет. Тікелей бақылау жасап, күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына,уақытында аяқталуын қадағалап отырмыз, -дейді.
Жаңа оқу жылында енгізілген өзерістердің бірі бір аптаға ұзартылуы. Бұрын оқушылар 34 апата оқыса, енді бірінші маусымға дейін білім алады.
-Оқушыларға түсетін жүктемелер азайтылды. Бұрын ата-аналардан көптеп шағымдар түсетін. Оқушылардың 7-8 сағат оқуы жүктемесін азайтуға байланысты, оқу аптасы бір аптаға ұзартылып отыр. Балалардың сабағының ауырлығы, күніге 7-8 сағат оқуы жөнінде ата-аналардан шағымдар түсетін еді. Осы жайларндың барылығы ескеріліп, осындай өзгеріс енгізілді.
Сонымен қатар облыстық басқарма басшысы ата-аналардың мектеп оқулығына байланысты бас ауыртпауға болатындығын айтып отыр.Кітаптың жеткілікті болуы үшін облыстық бюджеттен 1,7 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда су жаңа кітаптар барлық мектептерге жеткізіліп, беріліп жатыр. Жаңа оқу жылында 2 класс оқушылары жаңа кітаппен оқитын болды. Бұл сыныпқа арналған оқулықтар жаңадан басылып шығарылғын. Басқа сыныптардың оқулықтары әрбір мектепте жеткілікті. Оқу басталғанға дейін оқушыларға таратылып берілетіндігіне тоқталып өтті.