Ақтөбеде жасөспірім оқушыны қағып, қашып кеткен

Жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жігіт оқушы баланы автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

14 сәуір күні саған 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамастан жолды кесіп өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жүргізуші жол көлік оқиғасы болған жерден ізін суытады. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жұргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде табады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ, көлік жүргізушісінің куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт екені анықталған.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.




Қоғам
13:00, 17 апрель 2023
780
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив