Ақтөбеде ауыл мектебінің директоры алданып қалды
Ауылдағы мектеп директорына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Алаяқ айласын асырып директордың 3 миллион теңгесін қолды еткен.
Арайлым ҚАСЫМ
@araikassym
Қоңырау шалған адам директордың атына бөтен біреулердің несие рәсімдеп жатқанын және операцияны тоқтату үшін бірнеше сұраққа жауап беру керектігін айтқан. Осылайша, 42 жастағы мектеп директорының атына 3 миллион теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, барлық жинақтарды депозиттен жымқырған.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті Сізге банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалса, банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы деректерді ешқашан сұрамайтынын, сондай-ақ ұялы телефонға келетін кіру кодтарын беруді талап етпейтінін еске салады.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить