Ақтөбе халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды  

Ақтөбе облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне
байланысты жазықсыз атылған жандар жерленген «Түйе төбе» мемориалында еске алу шарасы өтті.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

 Шараға  облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға жүздеген адам қатысты.
Олардың ішінде мемлекеттік мекемелердің, этно-мәдени бірлестіктердің,
дін өкілдері, жұртшылық, репрессия мен ашаршылық кезінде қайтыс
болғандардың жақындары бар. Марқұмдардың әруағына бағыштап құран оқылды. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен ұжымдардың атынан граниттен жасалған қабір басына гүлдестелер қойылды.
Гүл қою рәсімі Ақтөбе қаласындағы Тұрғындар қалашығы ауданында
орналасқан ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші
маңында да өтіп.

1932-1933 жылдары жаппай ашаршылық кезінде Қазақстанда 2 млн-дай адам қайтыс болып, 600 мыңнан аса қазақ Отанын тастап кетуге мәжбүр болған.
100 мыңнан аса адам сотталып, оның 25 мыңы
өлім жазасына кесілген. Көптеген халық өкілдері қазақ даласына
депортацияланды. Ақтөбе жері де сол жылдардағы азапты бастан кешті. 8 мың жергілікті тұрғын саяси қуғын-сүргіннен жапа шексе, оның 2 мыңы өлім жазасына кесілді. Тоқсаныншы жылдары «Түйе төбе» етегінен жаппай жерленген репрессия құрбандарының сүйектері табылды. Кейін мұнда жазықсыз құрбан болғандарға арнап ескерткіш орнатылды.

Әлеумет
14:30, 31 май 2022
676
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив