Ақтөбеде екі жыл ішінде 44 мектеп салынады

Облыстың 9 ауданы мен Ақтөбе қаласында 2025 жылға дейін 44 мектеп бой көтереді. Соның нәтижесінде, апатты және үш ауысымды мектептер проблемасы толығымен жойылмақ.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мектеп қалада, қалғандары Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Шалқар, Темір, Ырғыз, Мәртөк және Мұғалжар аудандарында салынады. Оның ішінде, дизайны мен жабдықталуы бірдей “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 20 білім ордасы болады. Әлеуметтік жобалар жүзеге асса, мектеп жетіспеушілігі мен білім ордаларының шамадан тыс жүктемесі азаяды.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін салынатын мектептерде бір ауысымда 22 мыңнан астам оқушы білім алады.


Әлеумет
11:00, 11 июль 2023
1 758
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив