Ақтөбеде қоқыс шығару үшін жаңа компания тағайындалды
Қазіргі уақытта қызмет көрсетілетін аумақта 26 бірлік түрлі арнайы техника, оның ішінде қала әкімдігі сатып алған 12 жаңа қоқыс таситын көлік жұмыс істейді. 10 қыркүйекке дейін тағы 13 қоқыс таситын көлік жеткізілмек. Қоқысты жинау күн сайын екі ауысымда жүзеге асырылады.
«ATK QYZMET» ҚТҚ шығару мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді. Қоқыс шығару мәселесі – үнемі бақылауда. Қоқысты шығару кестесі мен жиілігі тамыз айының соңына дейін жолға қойылады деп күтілуде.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить