Ақтөбеде жетінші қабаттан секірген қыз қайтыс болды
18 тамыз сағат 15-30-да Жедел басқару орталығының пультіне Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйдің балконынан қыз баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қыз алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить