Ақтөбеде үш әйел жоғарғы қабаттан құлап, қаза тапты

 Ақтөбеде бір күнде үш адам көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoakobe@gmail.com

24 сәуір күні полицияға “Ақтөбе ажары” тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына барған полицейлер үйге кіре беріс есіктің алдынан екі адамның мәйітін тапты. Олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары “Керек.info” газетінің тілшісіне мұндай оқиға жылда қайталанатынын айтты. Ата-жөнін атамауды жөн көрген тұрғын сол күні түнгі 01:30 шамасында тарс еткен дыбысты естіген. Алайда, мән бермеген.

- Кейбіреулер үйінен шыққан қоқысты терезеден лақтырып жатады. Оған үйреніп кеттік. Тағы да қоқыс лақтырып жатқан шығар деп ойладық. Артынан 19 қабаттан адам құлағанын естідік. Мұндай жағдай бұл кешенде жыл сайын болады,-деді ол.

Дәл сол күні Әбілқайырхан даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде 1996 жылы туған қыз сегізінші қабаттан құлап кеткен. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.


Қоғам
10:30, 24 апрель 2023
586
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив