Ақтөбенің 48 жастағы тұрғыны 4 келі марихуанамен ұсталды

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері ұсталған адамнан өсімдік тектес зат пен ерекше иісі бар, салмағы 2 келіден асатын 1 орама тапты.

Сонымен қатар ұсталған адам тұратын жалдамалы пәтерді тінту кезінде осыған ұқсас зат бар тағы бір орама табылды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келіден асатын марихуана болып шықты. Ұсталған адам есірткі пайдаланған болып шыққан. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік,  облыс бойынша 6 ай ішінде 158 есірткіге қатысты құқық бұзушылқ анықталған.  Оның 57-сі есірткімен  заңсыз жұмыс істеу саласында болса, 101-і қылмыстық теріс қылық көрсеткені үшін қозғалған істер. Тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 24 кг-нан асты.

 

Құқық
10:30, 21 июль 2022
2 782
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив