Арзан бағаға қант алмақ болған ақтөбелік әйел алаяққа алданды

31 жастағы ақтөбелік әйел телефон арқылы қаладағы дүкендердің бірінің сатушысын арзан бағаға 50 килограмдық қанттың 100 қабын жеткізіп беретінін айтып сендірген. Қантты қолайлы бағаға алмақ болған 40 жастағы жәбірленуші тауарға алдын ала төлем жасап, «жеткізушіге» банктің мобильді қосымшасы арқылы 360.500 теңге көлемінде ақша аударған.

Алайда, сатып алушы белгіленген мерзімде тауарды да, өз ақшасын ала ала алмағаннан кейін алданғанын түсініп, полиция бөліміне арызданды. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 


Құқық
17:30, 11 сентябрь 2023
849
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив