Футболға жалған билет сатқан адам ұсталды
Күдікті интернет арқылы жалған билет сатқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Балауса НҰРҚЫЗЫ
kerekinfoaktobe@gmail.com
26 жастағы ақтөбелік футболға билет сатып аламын деп алданып қалды. Ол интернет арқылы билет сатып алмақ болған. Сөйтіп Instagram арқылы келісіп, электронды билеттің ақшасын аударып жібереді. Дегенмен билет жарамсыз болып шығады. Алаяққа алданғанын білген тұрғын 3 қыркүйек күні қалалық полиция бөліміне арызданған. Тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктіні ұстады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить