Ақтөбеде 2 адам консервіленген тамақтан уланған

Ақтөбеде 8 ай ішінде 2 адам консервіленген қияр мен, үйде дайындалған саңырауқұлақтан уланған. Сондықтан, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Гүлмира Ибраймова көкөністерді консервілеу және зарарсыздандыру ережелерін қатаң сақтау керектігін айтты.

ЕркежанСЕРІК

@kerekinfoaktobe@gmail.com

Маманның айтуынша, ережелерді қатаң сақтамаған жағдайда денсаулыққа қауіп төндіреді. Себебі, оларда өлімге әкеп соқтыратын бактерия споралары- ботулизм болуы мүмкін.

- Ботулизм - өте ауыр тағамнан улану. Дәрігерге уақытында қаралмаған жағдайда соңы өлімге әкеледі. Бастапқы кезеңінде аурудың белгілері тағамнан уланудан ешқандай айырмашылығы болмайды. Сырқаттанған адамдар өз ауруын күз мезгілінде дайындалған консервіленген қияр мен үйде дайындалған саңырауқұлақты тұтынумен байланыстырады,-дейді басқарманың санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Гүлмира Қуанқанқызы.

Сондықтан, маман белгіленбеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған консервіленген және ысталған өнімдерді сатып алмауды ескертеді. Өнім пайдаланған кезде міндетті түрде сақтау мерзіміне зер салған жөн. Тамақтан улануға күдік болғанда, дереу дәрігерге қаралу керек. Мұндай жағдайда өз-өзін емдеуге болмайды.







Әлеумет
14:48, 21 сентябрь 2023
746
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив