Ақтөбелік тұрғын көлік ұрлап, метал қабылдайтын жерге тапсырып жіберген

Ақтөбеде өзгенің ауласында тұрған көлікті ұрлап, метал қабылдайтын жерге тапсырып жіберген күдікті ұсталды.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Жаңадан салынып жатқан үйдің ауласында “ГАЗ-52”бензовоз маркілі жарамсыз автокөлік тұрған. Белгісіз біреу хабарландыру арқылы манипулятор шақырып, автокөлікті тиеп алып кеткен. Қала сыртындағы металл қабылдау пунктіне 225 мың теңгеге сатып жіберген. Полицейлер жедел іздестіру барысында 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Құқық
14:37, 26 сентябрь 2023
908
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив