Ақтөбеде үй иесі екі ұрыны ұстады

Бұрын сотталған екі адам жеке үйге ұрлыққа түспек болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Үй иесі жұмыстан келгенде терезесінің сынғанын байқаған. Ауласында екі адамның жүргенін көріп, ұстап алған. Олар үйден проектор, үтік, теледидар және алюминий ыдысты қолды қылмақ болған. Полицияның ақпаратынша, ұсталған екеуі бұрын сотталған 44 және 48 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазір ұрлауға оқталу дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Қоғам
11:57, 30 октябрь 2023
1 917
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив