Өрлеу ауылына 3 автобус беріледі

Қала іргесіндегі “Өрлеу” тұрғын үй алабында карьер қазуға жер берілмейтін болды. Бұл туралы Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов тұрғындармен кездесуінде айтты.

Еркежан СЕРІК

@kerekinfoaktobe@gmail.com

Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов “Өрлеу” тұрғын үй алабы тұрғындарымен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда тұрғындарды автобус мәселесі алаңдатып отыр. Автобус әбден ескірген. Екі күннің бірінде сынып, қиындық туғызып келеді. Осы кезге дейін кездесуде бірнеше рет айтқан болатын. Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақовтың сөзінше, қазіргі таңда конкурс жүргізіліп жатыр. Аяқталған соң, арасы 20 минуттан 3 автобус берілетін болады.

Ең өзекті мәселе-жол. Жылдың соңына дейін ауылдың ішкі жолдарына қиыршық төселеді. Келесі жылы бекітілген көшелерге қаражаттың бөлінуіне байланысты асфальт жамылғысы төселеді. Сонымен қатар, жарықтандыру, аялдама, жаяу жүргіншілер жолағы мен тротуар салынады.

“Халық қатысатын бюджет ” жобасы аясында алдағы жылы ойын алаңы мен футбол алаңы салынады. Жұмыстар наурыз, сәуір айларында басталады. Ауылдағы “МТМ” ғимараты тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, халық балалары үшін алаңдайды. Қаңырап бос тұрған ғимараттың иесі сотқа берілген. Сот шешімі бойынша апатты деп таныса, бұзуға міндетті. Аудан әкімі бұл мәселе назарда екенін жеткізді. Халық ауыл іргесінен “карьер қазылмасын” деп наразылық білдіріп жүрген болатын. Тұрғындардың өтініші ескеріліп, “Өрлеу” тұрғын үй алабынан карьерге жер берілмейтін болды.


Әлеумет
14:28, 24 ноябрь 2023
1 682
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив