Ақтөбеде қарапайым жұмысшылар марапатталды

Қала күні қарсаңында шаһар басшысы Асхат Шахаров Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстап, белсенді қоғамдық қызметтеглерге алғысын білдірді.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Мерекелік жиында марапатталғандар қатарында қала жолын, саябақтар мен скверлерді тазалаушылар, санитарлық тазалаумен айналысатын 10 жұмысшы бар. Мерекелік шарада:

- Жыл өткен сайын біздің қаламыз дамып келеді. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Бірақ белгіленген жоспарларды жүзеге асыру үшін қала тұрғындарының белсенді қолдауы қажет. Ақтөбені тұрғындар үшін қолайлы етуге бағытталған жасампаз істе баршаңызды күш біріктіруге шақырамын! Қаламыздың қарқынды дамуына қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, - деді қала әкімі Асхат Шахаров. Айта кетейік, өткен жылы аталған сала бойынша 22 жұмысшы марапатталды. 

Қала аумағында автомобиль жолдарын жазғы мезгілде күтіп-ұстаумен «АқЖол LTD», «Агрофирма «Коквест», «Universal 3Q», «Техэлектро-Казахстан», «Бошан Транс Авто», «Қызмет Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысады. Тас жол тазалығына мердігер мекемелердің 100-ден астам жұмысшысы мен арнайы техника жұмылдырылған. Мердігер мекемелер күнделікті жол жиегін құмнан тазарту, шаңсорғыш машинамен жолды тазалау, арнайы техникамен жолға су шашу сияқты жұмыстарды атқарады.

Ал қала ішіндегі тұрмыстық қалдықты, яғни, қоқысты шығаратын  «Нео Плюс», Таза Қарғалы, «АКЖОЛ ЛТД», «Clean City Aktobe» компаниялары. Тазалықпен айналысатын компаниялардың бірінің қызметкері – Жұмагүл Арыстанова. Марапат иесі:

- Менің «Өтес Ақтөбе» ЖШС-де жұмыс жасап жатқаныма 2 жыл болды. Компания көшені тазалап, қоқыстарды жинайды. Ағаш отырғызып, түптерін әкетеумен айналысады. 60 жасқа келген шағымда Ақтөбе қаласының туған күнінде осындай марапатқа ие болып жатырмын. Өзім 4 баланы өсірдім. Біздің жұмысымыз елене бермейді ғой. Мерекеде көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп қалдық. Қала әкіміне, жұмыстағы басшыларыма, өзімнің мастеріме алғыс айтамын. Қаламыз көрейіп, гүлдене берсін,-деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, Пазылжан Кешутаев, Тойбазар Жусупов, Отебай Кулсарин, Орынбасар Ахметов, Нурбол Жумабаев, Серикбай Шарапиев, Мария Кулимова, Берикбай Альмуханов, Самрат Алдабергенов, Мейржан Муханбетов сынды қала тазалығына ат салысып жүрген жандар қала басшысының қолынан арнайы алғыс хат алды. Оған қоса, Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 17 жылдық тәжірибесі бар бас маманы Гүльжан Бактиярова да мереке қарсаңындағы марапатқа ие болды.

 

Әлеумет
11:00, 02 июнь 2022
978
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив