Автобуста абай бол!

Ақтөбе облысында полицейлер қоғамдық көлік ішіндегі қоғамдық тәртіпті жасырын бақылау әдісін қолданады Қаңтардың 11 бастап Ақтөбе облысының аумағында "Тасымалдаушы" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Негізгі мақсат - қоғамдық көлік ішіндегі кез-келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін жасырын бақылау әдісімен қамтамасыз ету.

Яғни, қарапайым жолаушы ретінде нысанды киім киген полиция қызметкері жолаушылар автобусының бағыты бойынша жүреді, бұл ретте видеожетонға бекітеді, жүргізуші тарапынан да, жолаушылар тарапынан да құқық бұзушылықтардың барлық түрлерін анықтайды және жолын кеседі.

11 қаңтарда полиция қызметкерлерімен 3 сағаттық бақылау кезінде 10-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды; ұсақ бұзақылық фактісі, қоғамдық көлік жүргізушілердің ұялы телефон пайдалануы, қауіпсіздік белдігін тақпауы, қоғамдық орындарда тиісуді, автобуста мас күйінде болу, мүлікті және ортақ пайдалану орындарын ластану, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру.

Сондай-ақ, шара барысында қоғамдық көліктерде қалта ұрлығының, бұзақылықтың және ұсақ ұрлықтың алдын алуға және болдырмауға ерекше назар аударылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.


Қоғам
12:49, 23 январь 2024
3 621
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив