Ақтөбеде журналиске қатысты іс тоқтатылды

Ақтөбеде Асқар Ақтілеуге қатысты әкімшілік сот тоқтатылды. Журналистің үстінен «Жала жабу» бабы бойынша іс қозғалған еді.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Асқар Ақтілеуге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабы негізінде қозғалған іс құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

 Сот тараптарды тыңдау кезінде сотқа онлайн қосылған Ырғыз ауданындағы гимназия директоры Гүлжайнар Нұрманова:

- Маған өте ауыр тиді. Маған жала жапты. Әлеуметтік желіге, пабликтерге қаншама рет шығарды. Айналамдағылар басқаша көзқараспен қарай бастады. Абырой-беделім де түсті. Сол кезде жалғыз кінәлі мен болып қалдым. Маған жаланың үлкен зияны тиді. Ешқандай заң бұзылмады, заң аясында жұмыс істедім. Мөлдір Ғапиз жазбаша түрде «отбасы жағдайыма байланысты» деп рұқсат сұрап келді. Ал бүгін мен оны соттан көріп отырмын,-деді.

 Айта кетейік, Асқар Ақтілеуге Ырғыз ауданындық гимназиясының директоры Гүлжайнар Нұрманова арыз жазып, өзіне жала жапты деп айыптаған. Мектеп директоры журналист өзінің инстаграмдағы жазбалары арқылы ар-намысы мен іскерлік беделін төмендеткенін айтып, жазалауды сұраған еді. Ал оқиға Ырғыз аудандық гимназиясының кіші қызметкері Мөлдір Ғапиз ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Асхат Шахаровқа мектептегі кемшіліктерді айтып берген кезде басталған.

Сотқа куә ретінде келген Мөлдір Ғапиз Асқар Ақтілеудің желідегі жазбаларына негіз бар екенін айтып, құжаттар мен бейнелерді дәлел ретінде жібергенін айтты. Сотқа екі тараптың өкілдері де дәлелдерін ұсынды.

Сот ұйғарымы 15 қаңтар күні кешкі бесте шығарылды. Сот қаулысымен келіспеген жағдайда тараптар көшірме қолына тиген уақыттан бастап, 10 күн ішінде аппеляциялық шағым жасай алады.


Қоғам
14:37, 16 январь 2024
1 779
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив