Ақтөбеде 9 жол пайдалану пункті құрылады

Биылдан бастап қыс айында мердігерлер жол тазалайтын техниканы алыс елдімекендерге тұрақты түрде қояды. Қыс бойы тұратын арнайы базада жұмысшылардың демалатын орнымен қатар техникалар, бейнебақылау, GPS-бақылау болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Қала орталығынан 25 шақырым жердегі Шилісай, 30 шақырым қашықтағы Бекқұл баба ауыл тұрғындары боранды күндері жол азабын тартып келеді. Автокөліктер қалың қарға омбығып, тұсаулы аттай титықтап қалады. Осы мәселені ескере отырып, қала әкімдігі шалғай тұрғын алаптарынан 9 жол пайдалану пункті құрылатынын мәлімдеді. Әзірге 3 база құрылған.

Шилісай елдімекенінде “Ақтөбе Адал құрылыс” ЖШС мердігер мекемесінің базасы орналасқан. Олар Шилісай, Садовый, Пригородный тұрғын алаптарының жолдарын тазалайды. Ал Бауырластар тұрғын алабын міндетіне алған мердігер ұйымның 2 щетка, 3 тиегіш техника, 1 құм сепкіш техника, және 1 грейдері бар. Бұл техника Бауырластар, Сазды, Жаңатұрмыс алаптарын және осы аумақтағы бау-бақша ұжымдарына қатынайтын мектеп автобусының жолдарын тазалауды міндетіне алған.





Әлеумет
14:50, 18 январь 2024
2 520
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив