Ақтөбеліктер былтыр автокөліктеріне 934 VIP-нөмір алған

Ақтөбелік тұрғындар былтыр VIP-нөмірлерге 267 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл туралы “Азаматтарға арналған үкімет”Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Ақтөбе облысы филиалының PR-менеджері Асылгүл Айдарова мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Былтыр мамандандырылған ХҚКО арқылы ақтөбеліктерге жоғарғы сұранысқа ие 934 мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген. Оған темір тұлпар иелері 267 миллион теңгеден астам қаржысын жұмсаған. Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

Асылгүл Айдарованың сөзінше, өткен жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері өте жылдам сатылған нөмірлер қатарында.

- Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК, яғни, биыл 210 444 теңгені құрайды.VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 1 052 220 теңге тұрады,-деп түсіндірді маман.

Айта кетейік, былтыр облыста Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 178 мыңнан астам көлік тіркеліп, 70 888 жүргізуші куәлігі берілген.






Әлеумет
12:49, 19 январь 2024
5 747
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив