Ақтөбеде 47 адам энтеровирусты инфекция жұқтырған

 Бұл – 5 айда энтеровирусты инфекция жұқтырған адамдардың саны. Оның ішінде 26 жағдай расталған, - деп мәлімдеді Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Былтырғы мәліметпен салыстырсақ, биыл Ақтөбеде энтеровирусты инфекция жұқтырғандар саны көбірек. Мәселен, былтыр 42 адам энтеровирус инфекциясын жұқтырған. Ал биыл бұл көрсеткіш 47-ге жетті.

Энтеровирусты инфекция – ішек инфекция вирустарының тобына кіретін жұқпалы ауру. Әдетте инфекция жұқтырған адам көктем-жаз және жаз-күз мезгілдерінде ауырады. Су, тамақ өнімдері,ауа тамшылары арқылы және ашық су қоймаларында шомылу кезінде жұғады. Алғашқы белгілері - температураның 38-40˚С-қа дейін көтерілуі, әлсіздік, бастың ауыруы, лоқсу, құсу және көздің қарығуы. Инфекцияның алдын алу үшін қайнатылған су ішіп, жуылған жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтыну қажет.


Әлеумет
14:52, 19 июль 2024
5 130
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив