"Есептегішті ауыстыру керек"

 

Алаяқтар осындай желеумен тұрғындарға қоңырау шала бастаған. Жәбірленуші алаяқтарға 2 млн. таңгеден астам ақшасын салып жіберген. Бұл туралы ПД хабарлайды. 

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Зейнеткердің телефонына "Whatsapp" арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін "Трансэнерго" қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы электр есептегішті ауыстыру қажет екенін және тегін ауыстыру үшін 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-ті айтуын сұраған.

Әрі қарай, өзін «банктің қызметкері» ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, алаяқтар оның атына несие алып жатқанын және одан қорғану үшін «полиция қызметкері» қоңырау шалатынын хабарлайды. Осыдан кейін тергеуші болып хаьарласқан адам жәбірленушіге банктен қоңырау шалатынын айтып,  менеджердің барлық шартынорындауды тапсырады. Осылайша, алаяқтарға сенген жәбірленуші "қауіпсіз шотқа" 2 млн. теңгеден астам ақша аударған.

Полиция департаменті азаматтарды мұндай қоңыраулар түскен кезде мұқият болуға және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша егде жастағы туыстарымен түсіндірме әңгімелер жүргізуге шақырады.

 

 

Құқық
15:30, 06 февраль 2025
435
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив