Ақтөбелік еркек 25 метр биіктіктен секіріп, суицид жасамақ болды

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

 2022 жылғы 1 маусым күні түскі  14 сағат 30 минутта Мәртөк ауданының     № 15 өрт сөндіру бөлімінің пультіне Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылында ер адамның байланыс желісінің мұнарасына көтеріліп, өзіне-өзі қол жұмсау қаупі төнгені туралы хабарлама келіп түскен.

  • Аталған факті бойынша шақыру орнына Мәртөк ауданының ТЖ бөлімі, "Ақтөбе облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызмет және полиция бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Қаратоғай ауылының тұрғыны байланыс желісі мұнарасының орталық бөлігінде 25 метр биіктікте тұрғаны және өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Ер адам туыстарымен (әкесі, жұбайы, қызы), қызметкерлермен сөйлесу сәтті болмады. Ауылдық округ әкімі Руслан Серікбайұлы Байсағызовпен сөйлескен кезде ер адам байланысқа шықты. Округ әкімі  ер адаммен сөйлесу кезінде өз өмірін қауіпке тікті. Осы сәтті пайдаланып  құтқарушылар  ер адамға жақындау үшін биіктікке көтерілген. Өзіне қол жұмсамақ болған ер адаммен 17 сағаттай ұзақ әңгімелесуден кейін құтқарушылар  кісенмен құтқару конструкциясына бекініп, аман есен төменге түсірді. Психологиялық көмек көрсетіліп, әр қарай учаскелік инспекторға берілді.
Қоғам
16:30, 02 июнь 2022
1 015
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив