Ақтөбе облысында 25 жасөспірім 54 қылмыс жасаған

Ақтөбе облысында 25 жасөспірім 54 қылмыс жасаған

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған 25 бала  кәмелетке толмағандарға қатысты түрлі құқық бұзушылықтар мен 54 қылмыс жасаған деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының еркін демалатын уақыты. Әдетте, осы кезеңде балалар қараусыз қалады. Бұл уақытта ересектер баланың бос уақытын тиімді пайдалануды ұсынғаны жөн. Балалармен жиі әңгімелесіп, оларға ересектер болмаған кезде туындауы мүмкін әртүрлі төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі керек. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция инспекторлары күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді. Десе де жасөспірімдердің мінез-құлқы ең алдымен үйдегі тәрбиеден туындайтынын естен шығармаған жөн дейді мамандар.   Сол себепті, балаңыздың достарын, олардың байланыс нөмірлерін біліп, ұялы телефонын тексеріп отыру маңызды. Телефон арқылы қандай сайттарға кіретінін, не нәрсеге қызығатынынан хабардар болғаныңыз абзал. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларынаның қалада көлік айдап жүргенін білмеген фактілер де тіркелген.  

 

 

Қоғам
11:30, 07 июнь 2022
774
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив