“Наурыз” бағдарламасы басталды

 

“Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 5 наурызда басталды. Биыл аталған бағдарлама бойынша бастапқы жарна төмендетілді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

 5 наурыздан бастап “Наурыз” бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Оған 18 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. “Отбасы банк” АҚ Ақтөбе облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің I санатты маманы Сәкен Сүлеймановтың айтуынша, шотта 2 миллион теңге болу керек. Соңғы 5 жылда бағдарламаға қатысушының атына тіркелген  баспана болмауы шарт.  Биылдан бастап алғашқы жарна төмендетілді. Бұл жаңалық азаматтардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.  Өтінім “Baspana Market” сайты арқылы қабылданады.  Тұрғындар баспанасын жөндеу үшін қосымша несие алудың қажеті болмайды. "Наурыз" бағдарламасы бойынша  заемның ең жоғары сомасы – 30 млн.теңге. Несие 19 жылға беріледі. “Отбасы банк”  "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттарын біріздендірді.  Енді екі бағдарлама шарттары бірдей. Бағдарламаларға сұраныс жоғары. Былтыр  екі бағдарлама бойынша барлығы 68 700 өтінім қабылданған. Өтінім берген 2573 адамның 39 пайызы ғана 20 пайыз алғашқы жарнаны толтыра алған. Айта кетейік, биыл  11 мыңнан аса азамат баспаналы болады . Ол үшін қазындан 300 млрд. теңге бөлінген. Бағдарламаға өтінім  31 наурызға дейін қабылданады.

 

Әлеумет
10:19, 07 март 2025
320
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив