«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Ақтөбеде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бастау алмақ. Бұл 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына қолайлы шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. Бұл туралы «Investment Aktobe – 2022» VII Халықаралық инвестициялық форумында айтылып, облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен «Отбасы» банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова меморандумға қол қойды.

Арайлым ҚАСЫМ

Бағдарламаға әлеуметтік саланың, коммуналдық және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ТЖД қызметкерлері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады. Өтініш иесінің жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы тиіс. Соңғы 5 жылда ҚР аумағында меншігінде тұрғын үйдің болмауы, Ақтөбе облысында аталған салаларда соңғы 12 айда ресми жұмыс жасаған болуы қажет.

«Ақтөбе жастары» бағдарламасы бойынша әлеуетті қарыз алушылардың тізімін облыс әкімдігі дайындайды. Мақұлданған жағдайда оларға жылдық 5 пайызбен қарыз беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна 10 пайызды құрайды. Бағдарламаға қатысушы алатын несиенің ең жоғары сомасы 15 млн. теңгеге дейін. Тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан сатып алуға болады.

 Соңғы бес жылда Отбасы банкінде жас салымшылардың депозиттік базасы 35 пайызға өскен. Бұл туралы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

- Қазір 18 бен 35 жас аралығындағы 925 000 қазақстандық болашақта баспана алу үшін жинақ шоттарына ақша жинап жатыр. Бұл біздің жастардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артатынын білдіреді. Біз оған қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан әкімдіктермен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде іске қосып жатырмыз. Ақтөбе облысы – тоғызыншы өңір. Жастар бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті әкімдік 300 млн. теңге бөледі және сондай соманы Отбасы банкі де бөледі», - деп түсіндірді төраға.






Әлеумет
14:00, 06 декабрь 2022
3 151
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив