Ауылға барған жас маманға 5 миллион теңгеге үй беріледі

 Отбасы банкі “Дипломмен ауылға” бағдарламасының сенімді агенті болып тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы “Отбасы банк” АҚ бизнесті дамыту бөлімінің 1 санатты маманы Сәкен Сүлейманов хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Бағдарламаға оқу орнын бітіріп ауылға келген, бұрыннан тұрып жатқан жұмыс істейтін кез-келген жастағы азамат қатыса алады. Оған денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері кіреді.

“Отбасы банк” АҚ бизнесті дамыту бөлімінің 1 санатты маманы Сәкен Сүлеймановтың сөзінше, қарыздың ең жоғары сомасы- 1500 АЕК, яғни, 5 175 000 теңге. Сол қаржыға маман жұмыс істейтін елдімекенде баспана сатып алуға немесе салуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жас маманға 345 000 теңге көтерме жәрдемақы төленеді.

- Кредиттің ең көп мерзімі- 15 жыл. Қойылатын талап- жобаға қатысушы мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі керек,-дейді маман.

 Өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады. Жобаға қатысушы осы порталға тіркелуі қажет.ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қояды.

“Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың қашан басталатынын банк қосымша хабарлайтын болады.


Әлеумет
10:30, 07 апрель 2023
888
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив