Ақтөбеде баланы жылан шағып алды
Ақтөбеде 15 жастағы баланы жылан шағып алды. Оқиға өзен жағасында болған.
Назгүл ӘБЕТОВА
@abetovanazgul
19 сәуір күні Құрайлы тұрғын алабында баланы жылан шағып алған. Жедел жәрдем бригадасы жасөспірімді балалар аурханасына жеткізеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас травматология бөлімінде ем қабылдаған. Ол 23 сәуір күні үйіне шықты.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы травматолог-ортопед дәрігері Қуантай Махамбетовтің айтуынша, жылан баланың саусағын тістеп алған.
- Анасының айтуы бойынша, бала түс қайта саяжайда жүргенде жылан көріп, ұстағысы келген. Сол кезде саусағын тістеп алған. Қолы ісе бастағасын жедел жәрдем шақырған. Қолының ісігі қайтып, 23 сәуір күні үйіне шығарылды,-деді дәрігер. Еске сала кетейік, Ақтөбеде “Батыс-3” шағын ауданында балалар ойын алаңында жылан қаптап кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған болатын.