Ақтөбеде ажырасу көбейген

 

Ақтөбе облысында бала тууу көрсеткіші төмендеп,  ажырасқандар саны өскен. Бұл туралы статистика департаменті мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Департаменттің мәліметінше,  облыста бала туу көрсеткіші 17 пайызға азайған. Бұған дәлел-былтыр қаңтар-мамыр аралығында облыста 7633 бала дүниеге келсе, биыл олардың саны  -6318 ғана. Сондай-ақ шаңырақ көтеретіндер саны да төмендеген.  Бес айдың ішінде 844 жұп некесін бұзған. Бір қуанарлығы, өлім-жітім саны азайған. Өңірде 20 мыңға жуық адам тұрғылықты жерін өзгерткен. Бұл былтырғы жылға қарағанда 24 пайызға көп. Айта кетейік, облыста 952 мың халық бар. Соның 230 мыңы ауылда тұрады.

 

Әлеумет
11:30, 16 июль 2025
316
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив