Ақтөбеде вейп тасығандар сотталды

 Ақтөбеде Ресейден жеткізілген 26 млн теңгенің вейптері тәркіленді. Тасымалдаушылар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 Қаржы Мониторингі агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен Шекара қызметі бірлесіп, вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты. Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі «Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде ұсталған. Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы, яғни  13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп), 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық, 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері анықталды. Аталған факті бойынша ұсталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ  жалпы құны 26 млн теңге болатын вейптер тасымалданған көліктер тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетелік, Қазақстанда 2024 жылдан бастап вейп өнімдерін заңсыз сатуға, тасымалдауға және жарнамалауға тыйым салынған. Мұндай әрекеттер Қылмыстық және Әкімшілік кодекстермен қатаң жазаланады.

Құқық
10:30, 25 июль 2025
300
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив