АҚЖАЙЫҚТАҒЫ АЙҚЫН ЖЕҢІС

 

Биылғы “SENAT OPEN 2025” қарқыны бөлек. Ақтөбеде өткен Іріктеу кезеңінен ойын қыза түсіп, 35 “шын жүйрік” іріктеліп, жартылай финалға қатысу үшін Орал қаласына сапарға шықтық. Мақсат біреу. Облыс туын бік ұстап, намысты қолдан бермеу. Ақсақалдары алда болған, қоғамдық кеңес өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлері қолдаған, мәслихат депутаттары дүбірлі доданың көркін қыздыра түсті. 22 шілде Ақтөбе Орал тас жолының ұзақтығын “жеңем деп келген жетелі ой”сездірмеді. 23 шілде Батыстың төрт өңірі жиналған тартысы жарыс, өз шымылдығын ашты. Басталғаннан ақ делегаттарымыз ел көру үшін ғана келмегендерін айқын байқатты. Әсіресе ақсақалдарымыздың әрбір айқын жеңісі көңілге кірбің кіргізбеді.
Жарыс басталғаннан-ақ Естай аға, Берік аға, Болатбек ағай, Тельман аға, Ғалым ағалар шахматтағы шеберліктерін сөзбен емес іспен дәлелдеп, төрт тур қатарынан қарсыластарын еріксіз тізе бүктірді.

 
Жеңіс бар жерде жеңілісте болды. Мұндай сәттерде бір бірімізді қолдап, бір жеңнен қол бір жеңнен бас шығара білдік. Әсіресе Изғали ағай мен Батырхан ағайлардың жүйелі әзілдері, Альфия қарындасымыздың ұяң жымиғаны көңілге кірбің түсіргізбеді.
Жауғашты атаның салмақты сөздері мен салиқалы батасы жолымызды онан сайын аша түсті. Түс ауа ойын бағыты белгілі бола бастады.
Төрт құбыласы түгел төрт аумақтың да ойыншылары Оралға “сауық құруға” келмегендерін дәлелдеп бақты.
Әсіресе 7 турдан соң зал атмосферасынан жеңістің де ауылының алыс еместігін сездік. Болатбек аға мен Ғалым аға “шын жүйрікке тұсау жоқ” екеніне дәлел болды. Мирлан мырза адам өміріне араша бола білу қасиетімен бірге шахматтың да шын майталманы екенін айқындады. Батырхан аға мен Изғали ағалар рухтана түсіп, барлық команда жұмылған жұдырықтай болды. Әр қадамы маңызды 9 турда аяқталып, арқадан жүк түскендей әсер алдық. Соңғы турда Болатбек ағай 9 турда бір рет те жеңіліс көрмеген Оралдық Салихов Андарбек мырзамен терезесі тең ойнауы Ақтөбе шахмат мектебінің алар асуының биіктігін көрсетті. Сонымен жарыста өз мәресіне жетті. Тәжірибенің тұғырын биік ұстайтын Ардагерлдің арасында Болатбек ағайдың 1 орны және Ғалым ағайдың 3 орындары тас түйін дайындықтың нәрлі тәтижесін берді. Сол күннен бір күн бұрын кешкілік Болатбек ағайдың ұялы телефоннан шахматтың онлайн түрінен бас алмай бара жатқанда да болмысы бөлек болатын. Естай ағаның қоғамдық кеңес өкілдері арасынан алған орны, Жауғашты атаның БАҚ арасынан алған орны, Мирлан ағайдың депутаттар арасынан алған орны Ақтөбе шахмат мектебінің алып емендей алпамса өзіндік орны бар екеніне айқын дәлел болды.
Астанаға финалға алған 9 жолдамамыз тағы бар. Жәңгірдей жігерлі ханның Ордасы болған Ақжайықтан бізде рухтанып жігерленіп оралдық. Біздің аман есен барып келуімізге мұрындық болған Ақтөбе облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Рамазанқызына және Ақтөбе облыстық спорт басқармасы басшысы Мейрамбек Жанболатұлына алғысым шексіз. Өңірдегі шахматтың дамуына зор үлесін қосып жүрген барша жанышырларға алғысым зор. Шахмат ойын ғана емес, өмірдің шағын модельі. Алға елдің шахматы. Алға Ақтөбе!

Арман Елдесов

ҚШФ Ақтөбе облысы бойынша филалының  атқарушы директоры

Спорт
11:00, 25 июль 2025
338
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив