Ақтөбеде шахмат ардагерлерінің турнирі өтті

 

Интеллектуалдық спорт түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты  шахмат клубында ардагерлер арасындағы облыстық шахмат турнирі өтті. Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтетін Сенат кубогы аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына  арналды.

Шахмат турнирі Қазақстан шахмат федерациясының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қолдауымен, облыстық маслихаттың қолдауымен, Ақтөбе облыстық ардагерлер ұйымымен, облыстық спорт басқармасымен, ҮЕҰ қауымдастығымен, интеллектуалдық спорт түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының қолдауымен жүзеге асырылды.

Турнирдің мақсаты: шахматты насихаттау, егде жастағы адамдар арасында оның танымдылығын арттыруға негізделген турнир тек кәсіби спортшылар үшін ғана емес, шахмат әуесқойлары үшін де үлкен мүмкіндік болды.

Ақтөбе қаласы мен аудандардан келген 50-дей ардагер шахматшылар өз шеберліктерін сынап, тәжірибе алмасып, жаңа таныстар тапты.

Жалпы жүлде қоры 270 мың теңге құраған,  швейцар жүйесінде 9 турда  аса үлкен тартыспен өткен турнир, егде жастағы шахматшылардың қызығушылықтарын арттырып, көпшіліктің оң бағасына ие болды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Турнирде алғашқы 20 үздіктер қатарына енген ойыншылар 26 сәуірде  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлында жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық және ардагерлер Кеңестері, бұқаралық ақпарт құралдары өкілдері, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өтетін «Senat Open 2025» II ашық Кубогіне жолдама алды. Аталған турнир облыстағы шахмат спортының дамуына үлкен серпін береді деген үміттеміз.

Қазақстан шахмат федерациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы

Спорт
10:30, 08 апрель 2025
336
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив