49 адам түрмеден шықты

Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық аясында сотталғандар босатылып, жазалары қысқартылуда деп хабарлады ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе облысы Қылмыстық-атқару жүйесінде қазірге дейін 49 сотталған адам бостандыққа шықты. Елу адамға жазасын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, бүгінде 49 сотталған азамат бостандыққа шықса, тағы 50 адамның жаза мерзімі қысқартылған. Жалпы 200-ден астам іс қаралған. Жыл соңына дейін бұл жұмыс толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Мамандардың айтуынша, бұл қадам -түзелуге бет алған адамдарға жаңа өмір бастауға берілген мүмкіндік. Ал қоғамға оралатындармен арнайы мамандар жұмыс істеп, бейімделуіне көмектеседі. Рақымшылық тек кешірім ғана емес, сонымен бірге адамға екінші рет мүмкіндік беру.

Құқық
14:30, 10 октябрь 2025
671
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив