Павлодар облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2025 жылғы 29 қыркүйек – 3 қазан аралығында Павлодар облысында дін
саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіруге, жастардың сыни ойлау қабілеттерін
дамытуға және қоғамда діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттықтүсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда діни тұрақтылықты сақтау,
ұлттық құндылықтарды дәріптеу және экстремистік идеологияларға қарсы тұру
– қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта өңір тұрғындарына арналып,
оқу орындарында, кәсіпорындарда, әскери бөлімдерде, түзету мекемелерінде
және қалалық сауда орталықтарында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
Іс-шараларды Қазақстанның тәжірибелі мамандары өткізді. Олардың
қатарында Астана қаласындағы «Діндерді зерттеу орталығының» теолог-маманы
Арман Нұрахметұлы, «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың
халықаралық орталығының» сарапшысы Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы,
Павлодар облысындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту
орталығының» лекторы Зәкәриянов Даулет Қоқанұлы, сондай-ақ Астана
қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» теолог-маманы Сақан Дастан
Дарханұлы бар.
Дәрістер мен кездесулер барысында жастар арасында медиа және діни
сауаттылықты арттыру, теріс идеологиялар мен деструктивті ағымдардың
қауіптілігін түсіндіру, құқықтық жауапкершілік негіздері, зайырлылық пен
толеранттылық қағидаттарын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және
конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері
қамтылды.
Өткен іс-шаралар тұрғындарға діни экстремизмнің алдын алу жолдарын
түсіндіруге, заңнамалық нормалармен таныстыруға және ұлттық
құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Бұл жұмыстар өңірде бейбітшілік пен
келісімді сақтау ісіне зор үлес қосып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал
етеді.


 

Қоғам
11:57, 16 октябрь 2025
932
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив